16.10.2023
2023 жылы 16 қазан күні «Жәлел Қизатов атындағы ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Тойшибекова Р.Д. және Бейсенбина М.К. ұйымдастыруымен «Cәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл» атты турнир өткізілді. Турнирдің мақсаты: қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерімен танысу; Қазақстан тарихы саласындағы танымдық қызығушылықтарды дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу. Іс шара барысында студенттерге Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы бейнефильм көрсетілді және қарым-қатынасты нығайтуға арналған жаттығулар мен тапсырмалар орындалды.



